Берлинде қазақстандық студенттердің форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде Германияда оқып жатқан қазақстандық студенттердің VI форумы өтті. Мюнхен мен Франкфуртан келген делегаттар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның даму перспективасын талқылады.
None
None

Студенттер сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының да маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институтционалдық реформасын дамыту, жол картасы және Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуі туралы ойларын да ортаға салды, деп хабарлайды 24.kz. Депутат Карин Штренцтің пікірінше, Қазақстанның кең көлемді жоспарын жүзеге асыруға «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып жатқан студенттер де атсалысуда. Президенттің жобасы арқылы 1993 жылдан бері Германияда 300 қазақстандық білім алып қайтқан.

«Қазақстандық студенттер Германияның көптеген университетінде білім алып жатыр. Жастар екі ел арасындағы қарым-қатынасты бекемдей түсті. Осындай білім беру бағдарламасының барына біз өте қуаныштымыз. Ол қазақстандық жастарға еуропалық біліммен сусындап, жинақтаған тәжірибе мен білімдерін отандарында қолдануға мүмкіндік береді», - дейді Бундестаг депутаты Карин Штренц.

Соңғы жаңалықтар