Берлиндегі экономикалық конференцияның қатысушылары Орталық Азия аймағының дамуындағы Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті
Шақырылған елдер делегациялары басшыларымен бірге, конференция жұмысын ГФР вице-канцлері - экономика министрі Филипп Рёслер мен экономикалық даму министрі Дирк Нибель ашты.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген қазақстандық делегацияның басшысы - Елші Н.Оңжанов, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы, экономиканы индустрияландыру мен жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жайлы, сондай-ақ 2017 жылы Астанада Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізуге әзірлену барысы туралы баяндады.
Неміс қатысушылары Қазақстанның жетістіктеріне және біздің елдің Орталық Азия өңірінің дамуындағы ерекше рөліне жоғары баға берді.
Конференция Орталық Азия өңірі мен Германияның қатысушыларын біріктіріп, экономика саласындағы маңызды бағыттар бойынша өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтауға үлесін қосты. Тақырыптық сессиялар мен жұмыс топтарының басты назарларында өзекті мәселелер болды. Қатысушылардың баяндамаларында неміс және ортаазиялық компаниялардың тәжірибелері, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықтың практикалық жолдары туралы келелі әңгіме болды.
Орталық Азия өңірі неміс компаниялары үшін неғұрлым үлкен мағынаға ие болып отыр. 2008 жылы өткен соңғы ортаазиялық экономикалық конференциядан кейін, жаһандық экономикалық дағдарыс салдарына орай бірқатар негіздемелік жағдайлардың өзгеруі орын алды. Биылғы конференция ортаазиялық өңір елдерінің өкілдерімен бірге экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін сарапқа салып, Орталық Азия мемлекеттеріндегі экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін жаңа перспективаларды анықтауға мүмкіндік берді.