Бес бірдей адамның өліміне соқтырған жол апатын жасаған жүргізуші сотталды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот талқысында белгілі болғанындай, аталған жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ» ныспылы автокөлікпен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан «ВАЗ» автокөлігінде отырған төрт адам көз жұмды, оның біреуі - 2009 жылғы бала. Тағы екі жолаушы жарақаттанды. Оған қоса сотталушының автокөлігінде болған бір әйел облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілгенімен, келесі күні қайтыс болды. Осындағы екі жолаушы мен сотталушының өзі түрлі дене жарақаттарын алды.
Сот талқысында жүргізуші өз кінәсін мойындап, қаза тапқандардың тума-туысқандарынан кешірім сұрады.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, аталмыш оқиға 17 қаңтар күні Орал-Ақсай жолы бойында Теректі ауданына қарасты Пойма елді мекеніне таяу жерде орын алған еді.