Бес жасар қыздың ісі бойынша тергеу сәуірде аяқталады - Астана ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада денедегі соққы іздерімен ауруханаға түскен бес жасар қыздың ісі бойынша айып тағылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Бүлдіршінді ауруханадан шығарып жатырмыз. Алайда тергеу барысына қатысты ештеңе айта алмаймын. Тергеу амалдары сараптама жүргізілгеннен кейін, сәуірдің соңына қарай аяқталады», - деді елордадағы ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі Дидар Нұралы.

Сонымен қатар ол ресми айып тағу жарияланғаннан кейін ғана аталған іс бойынша мәліметтер ұсынылатынын жеткізді.
«Әзірге, бұл оқиға бойынша айып тағыллған жоқ», - деді ІІД өкілі.

Айта кетейік, Астанада денедегі соққы іздерінен кейін ем қабылдаған бес жасар қыз ауруханадан шықты. 

Мамандардың тексеруі кезінде баланың бас миында өткір субдуралдық қанды ісіктің бары анықталды. Бұдан кейін бала нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылып, оған ота жасалды.

Естеріңізде болса, 3 наурызда Қуат Ахметжанов Қазақстандағы Бала құқықтары жөнінде уәкілдің Фейсбуктегі парақшасында WhattsApp мессенджерінен келген кішкентай қыз туралы хабарлама мен оның фотосуретін жариялады. Ол денедегі соққы іздерімен қалалық №2 балалар ауруханасына түскен.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиева бес жасар қыздың тағдырын өз бақылауына алды.

Сонымен қатар ол баланың диваннан құлап, осындай жарақат алғандығы туралы себепке күмәнмен қарайтынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар