«Бейбітшілік жалауы желбіресін» - үгіт бригадаларының фестивалі

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып өткізілген студент және жұмысшы жастардың үгіт бригадаларының «Бейбітшілік жалауы желбіресін» атты қалалық фестивалі аяқталды.
None
None

«Ең үздік үгіт бригадасы» атағын Еуразиялық энергетикалық корпорацияның жұмысшы жастары жеңіп алды. Жаяу Мұса атындағы колледждің өнер ұжымы «Ең музыкалық бригада» деп танылды. Ал қазылар алқасын ерекше нөмірлерімен тәнті еткен Балалар шығармашылығы үйінің үгіт бригадасы «Ең үздік әртістер» аталымында жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар