Бейнеу-Шетпе автожолында 4-ші учаскенің мердігері анықталған жоқ

АҚТАУ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайтын Бейнеу-Шетпе республикалық маңызы бар автожолының жаңартылуы кесте бойынша жүруде.
None
None

Мердігерлік ұйымдар арасында жол 4 лотқа бөлінді. Біріншісі, ең үлкен бөлігі - 210 шақырымдық учаске түріктің «АЛСИМ АЛАРКО» мердігерлік компаниясына берілді, екіншісімен «Атырау жолдары» ЖШС, үшіншісімен - «Нияз-Мұхаммед» ЖШС айналысуда. 4-ші учаскенің жаңартылуына мердігер анықталған жоқ.

«Жұмыстар биылғы жылдың көктемінде басталды, жұмыс қалашықтары толық дайын. Бізде тәулігіне 8 мың шағыл мен 6 мың тонна асфальтты өңдейтін екі ұнтақтағыш бар. Жұмыскерлердің жалпы саны 160 адамнан асады. Олардың 130-ға жуығы - Маңғыстау облысының тұрғындары, 17-сі Қазақстанның басқа облыстарынан келген, 17-сі түрік мамандары.  2013 жылға қарай жолдың негізгі бөлігі жаңартылады. Бұл уақытқа қарай жұмыскерлердің саны 750 адамды құрайды», - деді «АЛСИМ АЛАРКО» вице-президенті Аббас Шахин.

Жаңа жылға қарай компания жолдың 10 шақырымдық бөлігіндегі жұмыстарды аяқтамақшы.

Соңғы жаңалықтар