Бейрутте қазақ әні әуеледі - ҚР СІМ

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығы құрметіне және ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай Ливан Республикасының астанасы - Бейрут қаласындағы белгілі ЮНЕСКО концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың басшылығымен қазақ ұлттық және классикалық аспаптар ұжымы концерт берді.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара тікелей Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі және Ливан Республикасындағы Елшісі Б.Сәрсенбаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Өз сөзінде елші Б.Сәрсенбаев бұл концерттің арнайы ливан халқына арналғандығын айтып, екіжақты мәдени байланыстардың оң бағытта дамып келе жатқандығының айғағы ретінде танылатындығын атап өтті.

Мерекелік шараға Ливан Республикасының саяси және мәдени орта өкілдері, сондай-ақ Ливанның Үкімет мүшелері, осында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, белгілі саясаткерлер және тағы басқалары қатысты. Шара барысын Ливанның танымал БАҚ-тарының теле және ақпараттық журналистері кеңінен жариялады.

Қазақстандық өнер ұжымының концерті ливан жұртшылығы тарапынан қошеметпен қабылданып, үлкен мәртебеге ие болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар