20:34, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Бейжіңде АӨІСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысы өтті
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Икрам Адырбековтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Аға лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өтті. Оған Арнайы жұмыс тобының аясындағы екі күндік жұмыс ізашар болды,

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Осы отырыстың барысында іс жүзіндегі нәтижелерге қол жеткізілді. Аға лауазымды тұлғалар комитеті шағын және орта бизнесті, сондай-ақ туризмді дамыту салаларындағы сенім шараларының атқарылуы бойынша іс-қимыл Тұжырымдамасы мен Жоспары мақұлданды. АӨІСШК Хатшылығының персоналы туралы ереже және 2010 жылға арналған оның бюджеті бекітілді.
Арнайы жұмыс тобының және АӨІСШК Аға лауазымды тұлғалар комитеті отырысының келесі мәжілісі алдағы жылдың басына белгіленді.