Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың сыртқы істер министрлерінің келіссөздері өтуде
Рәсімнен кейін сыртқы саясат ведомстволары басшыларының арасында екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар бойынша келіссөздер басталды.
Ян Цзечи өзінің алғысөзінде, мемлекет басшылары Ху Цзиньтао мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығы мен назарының арқасында, соңғы жылдары стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары қарқынды дамып отырғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ, «Сіздің сапарыңызға Қытай тарабы үлкен мән беріп отыр. Біз сапарыңыздың мүмкіндіктерін пайдалануға үміттіміз және стратегиялық серіктестіктің қытай-қазақстан қатынастарын әрі қарай дамыту, сонымен бірге бірқатар екіжақты және көпжақты мәселелер бойынша өзара әрекет ету мәселелері бойынша сізбенен егжей-тегжей пікір алмаса аламыз», деді.
Қ.Саудабаев өз кезегінде, «қазақстан-қытай қарым-қатынасы - тек стратегиялық серіктестік қана емес, сонымен бірге жақын көршілер мен достардың қарым-қатынасы екенін» атап көрсетті. «Бұл қарым-қатынастың ерекшелігі сол, оған мемлекет басшыларымыздың арасындағы жоғары сенімді қатынас игі әсерін тигізіп отыр» - деді Қ.Саудабаев.