Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың визалық саясатын жақсарту келешегі талқыланды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында 23 сәуір күні Қазақстан-қытай консулдық мәселелер жөніндегі кеңестерінің кезекті 14-ші отырысы өтті. Аталған шарада қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ырысқали Дәуренбек бастады. Делегация құрамында ҚР Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болды, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Қытайлық тараптың делегациясын Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Хуан Пин басқарды.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің консулдық мәселелері жөнінде пікір алмасты, азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғау, Қазақстан мен Қытайдың визалық саясатын жақсарту келешегі жайында сұрақтар талқыланды. Кездесу нәтижесінде тараптар кеңестер күн тәртібінің негізгі сұрақтары бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар