Бейжіңде Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қытайдың Азаматтық әкімшілік министрлігі Ниет туралы меморандумға қол қойды

БЕЙЖІҢ. Қазанның  28-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстанның  Төтенше жағдайлар  министрі  Владимир  Божко      Қытайға   сапары барысында сәрсенбі күні Бейжіңде       Қазақстан  Республикасының Төтенше жағдайлар  министрлігі мен Қытай Халық  Республикасының    Азаматтық әкімшілік  министрлігі  арасындағы Ниет      туралы  меморандумға  қол қойды.
None
None

Министр  В.Божко мәлім еткендей,   қазақстандық тарап    қытайлық серіктестермен  ынтымақтастыққа  үлкен маңыз беріп  отыр, себебі   Қытайдың     төтенше жағдайлардың алдын  алу  және    салдарын жою саласында тәжірибесі  мол.

«Меморандум -      біздің  қарым-қатынастарымызды    арттырудың   жақсы кепілі.    Бұл,   гуманитарлық  ынтымақтастық,     ақпарат  алмасу, кадрлар дайындау  және     шекара ынтымақтастығын   дамыту  салаларындағы өзара  іс-қимылдардың  негізгі бағыттары  анықталған    алғашқы  құжат,   негізгі келісім», -  деп  атап  көрсетті В.Божко   өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар