16:57, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Бейжіңде Қытай мен Орта Азия мемлекеттері арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынастарға 20 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтеді
БЕЙЖІҢ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде сейсенбі күні, 10 қаңтарда халық жиналыстары үйінің ғимаратында Қытай мен Орта Азия мемлекеттері арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынастарға 20 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтеді.
Шараға ҚХР мемлекеттік кеңесінің мүшесі Дай Бинго, Қытай СІМ-нің орынбасары Чэн Гопин және Қытайдағы Орта Азия мемлекеттерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Қазақстан тарапын ҚР Қытайдағы елшілігінің консулы, уақытша сенімді өкіл Қазбек Сәрсенбеков басқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай мен Орта Азия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынастр 1992 жылдың 3 қаңтарынан бастап орнаған болатын. 2011 жылы маусым айында Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында екіжақты қарым-қатынасқа жан-жақты стратегиялық әріптестік мәртебесі берілген.