Бейжіңде С.Жасұзақов ҚХАА Бас штабының бастығы Чэнь Бидэмен кездесті
генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қытайдық Халықтық-азат ету армиясы Бас штабының бастығы Чэнь Бидэмен кездесті.
Чэнь Бидэ Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары С.Жасұзақовпен кездесу барысында Қытай мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастықтың жақсы дамып келе жатқанын, жоғары деңгейдегі әскери ықпалдастықтың жиілегенін атап өтті. Делегациялар, мамандар алмасу мен кадрлар даярлау саласында да маңызды жетістіктерге қол жеткізілді.
«Қытай мен Қазақстан достық қарым-қатынастағы стратегиялық әріптестер болып табылады. Қытай әскерлер арасындағы достық байланыстарды өте жоғары бағалайды, Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі», - деп атап өтті Қытай бас штабының басшысы.
С.Жасұзақов оның сөзін қостап, Қазақстанның да осы елмен арадағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, және оны одан әрі нығайту жолында қолдан келгеннің барлығын жасайтынын атап өтті.