Бейжіңде тұңғыш рет төл спортымыз тоғызқұмалақтан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарыс өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні ұлттық өнердің тарихында тұңғыш рет Қытай астанасы Бейжің қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, осы елдегі Қазақстан елшілігі және Бейжің мұражайы бірлесе отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жергілікті жердегі ұлттық мұраның жанкүйерлеріне арнап жарыс өткізді.
None
None

Бұл туралы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының баспасөз орталығы хабарлады.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының президенті Әлихан Байменов бұл жарыстың маңыздылығына тоқталып, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі мен Бейжің Мұражайының басшылығына алғысын білдірді.

Жарысқа 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстаннан барған бас жаттықтырушы Айнұр Жақапбаева мен Үрімжідегі тоғызқұмалақ қауымдастығының директоры Шынар Қапан қатысушыларға төрешілік етіп, бәсекенің жоғары деңгейде өтулеріне өз үлестерін қосты. Ал 6 желтоқсан күні Қазақстаннан барған мамандар Бейжіңдегі Ұлттық университетте студенттерге төл спортымыз тоғызқұмалақ туралы кеңінен таныстырып, әдіс тәсілдері мен ойнау жолдарын түсіндіріп, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Атап өтер жайт, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ жарысын шетелдегі қазақ елшіліктері арасында ҚХР-ғы Қазақстан елшілігі бастамашы болып, тұңғыш рет өткізіп отыр.

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар