Бейжіңге Қазғарыш делегациясы келді

БЕЙЖІҢ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев Қазғарыш пен Қытай ұлттық ғарыш агенттігінің арасындағы үкіметаралық келісімді талқылау үшін Бейжіңге келді.
None
None

3-5 мамырдың аралығын қамтитын сапардың барысында Т.Мұсабаев Қытай ұлттық ғарыш агенттігінің, «Ұлы қорған» Қытай өнеркәсіптік корпорациясының, Аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясының және Қытайдың Байланыс жерсеріктері корпорациясының басшыларымен кездесулер өткізеді.

Қазғарыш басшысы сондай-ақ Қытайдың Зымырантасымалдағыштар техникалық академиясын, Қытай Ғарыш технологиялары академиясын және Қытайдың Байланыс жерсеріктері корпорациясының жердегі эксплуатациялық орталығын аралайды.

Сапардың қорытындысы бойынша кездесу хаттамаларына және кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар