«Бибі-Ана» мүгедек әйелдер қоғамы көрме ұйымдастырады - Павлодар
Көрмеге Ертіс, Ақтоғай, Баянауыл ауылдары мен Ақсу және Павлодар қалаларында тұратын 35 шебер қыз-келіншектің авторлық жұмыстары қойылады. Олардың барлығы - Мүгедек әйелдердің «Бибі-Ана» республикалық қоғамы аймақтық филиалының «Павлодар облысында қолөнерді дамыту» мемлекеттік әлеуметтік жобасына қатысушылар. Өңірде жұмыссыз отырған мүмкіндіктері шектеулі әйелдер үшін семинарлар және ұлттық киімдер тігуге үйрету курстары өткізілді.
Қазылар алқасының құрамына облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, ішкі саясат, еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Көрме мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің өнер ұжымының концертімен қорытындыланады.