18:21, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Бибігүл Төлегенова 80 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын Сыр өңірінен бастайды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Үстіміздегі жылы 80-ге келген Бибігүл Төлегенова өзінің мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын Сыр өңірінен бастамақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әуезді ән кешін қызылордалықтар мен қала қонақтары бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында тамашалай алады. Сонымен бірге ол кісі бұл сапарға 5 қараша күні басталатын «Ботақан» халықаралық жас таланттар фестивалінің қазылар алқасының төрайымы ретінде де келіп отыр.
- Жақында ғана облыс құрылғанына 70, Қызылорда қаласы 190 жыл болған торқалы тойын өткізді. Бұған қоса Қызылорда қазақтың бұрынғы астанасы ғой. Осының бәрін ескере отырып, осындай байламға келдім, - деді ол.