Биіктігі 3535 метр шыңға «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңы» атауы беріледі

АСТАНА. Қазақпарат - «Бұл біздің таулар» республикалық фестивалінің қатысушылары биіктігі 3535 метр шыңға көтеріледі, деп хабарланған Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтында.
None
None

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында (Төлеби ауданы) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында «Бұл - біздің таулар!» республикалық фестивалі өтеді.

Оған этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, туристер мен альпинистер қатысады. Қатысушылар Өгем жотасының шығыс жағында орналасқан шыңға (биіктігі 3535 м) шығады. Оған «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңы» атауы беріледі. Фестиваль аясында суретшілердің байқауы және олардың жұмыстарының көрмесі, этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерттері ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар