Биылғы маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ еліміздің 12 өңірінде құрғақшыл қаупі бар екенін мәлімдеді.

құрғақшылық
Фото: Kazinform\ жасанды интеллект

Синоптиктердің болжамынша, биыл маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

  • Қостанай облысында — Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысында — Жаңақала ауданында;
  • Қарағанды облысында — Шет ауданында;
  • Ақмола облысында — Ерейментау және Аршалы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында — Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысында — Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
  • Қарағанды облысында — Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында — Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
  • Алматы облысында — Жамбыл ауданында;
  • Жетісу облысында — Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысында — Талас ауданында;
  • Қызылорда облысында — Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

— Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.
Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.

Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.

Айта кетейік, БҰҰ құрғақшылық салдары ауқымды болатынын ескерткен еді.