20:32, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
Бильярд ойыны үстіндегі жанжалда кәсіпкер өлтірілді - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Тарбағатай ауданында 28 желтоқсан күні Тұғыл ауылының 38 жастағы кәсіпкері өлтірілді.
Қылмыстық әлемде ол «әке» деген атпен танымал. Оның 46 жастағы өскемендік досы жарақаттанған. Адам өліміне себепші болған атыспен аралас жанжал жергілікті бильярд клубындағы ойын кезінде туындады.
ШҚО-ның полициясы қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізілуде.