«Білікті педагогика. Бірінші сабақ» - Павлодар

деп хабарлады білім басқармасынан.
Сабақтар ғылым докторы, «Шекарасыз оқу» Заманауи педагогика орталығының директоры Георгий Рудиктің (Канада, Монреаль) қатысуымен өтті.
Павлодар, Екібастұз қалалары мен Қашыр ауданының алты мектебінің мұғалімдері педагогтың кәсіптік құзырлығын қалыптастыруға және оқытудың заманауи технологияларын қолдануға негізделген осынау жобамен былтырдан бері айналысып келеді.
Шеберлік сабақтары «Білікті педагогикаға кіріспе. Алғашқы сабақтар» тақырыбындағы диалогпен қорытындыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін жетілдіру жөніндегі облыстық институтының, Павлодар мемлекеттік пединститутының және «Шекарасыз оқу» Заманауи педагогика орталығының арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.