Біліктілік пен білімділікті ұштастырғанда ұтамыз - Ж. Отарбаева
Бұндай пікірді Қазақстанның менеджмент және экономикалық болжау нститутының қызметкері, саяси ғылымдар кандидаты Жәмила Отарбаева айтты.
«Мен бұл міндет өте маңызды деп санаймын. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында «Болашақтың энергиясы» тақырыбына ерекше зейін қойылып, аталған халықаралық шараның өткізілуі нендей ұтымды шешімдер әкеледі деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Көрменің институттық нәтижелерінің бірі Халықаралық орталық болуы керек. Оның үстіне, Қазақстанда осы мәселе жөнінде зияткерлік жүктің қордаланып қалғандығын атап айтпақпын. Халықаралық қоғамдастық алдында осы идея айтылып қойған соң, тек қалғаны шетелдік кәсіби де білікті мамандардың қолдауын пайдалана отырып, отандық сарапшылардың білімін іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да «жасыл» технологияның жай сөз емес, күнделікті өміріміздегі дағдыға айналатынына сенімім кәміл», - дейді ол.
«Егемен Қазақстан» газеті