Білім алу аз қамтылған отбасылардың балаларына қолжетімді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 15 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің білім гранттары аз қамтылған отбасылардан шыққан 363 бозбала мен бойжеткенге жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беруде, деп хабарлады білім беру басқармасынан.
None
None

ЖОО мен колледждерде оқып жүрген тағы екі жүзге жуық студент, ақылы білім алып жүрген оқу үздіктері ай сайын облыс әкімінің шәкіртақысын алуда. Биыл ол артып, мемлекеттік шәкіртақымен теңесті - ЖОО-да  15 235 теңге және колледждерде - 12 188 теңге. Мәшһүр Жүсіп атындағы облыстық мешітте оқып жүрген тағы 18 оқушыға осындай шәкіртақы тағайындау мәселесі шешілуде.

Аймақта мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу процесіне заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізуге үлкен көңіл бөлінуде.

Биыл Павлодарда химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ашылуда. Мұнда оқуда тамаша нәтижелер көрсеткен және байқау іріктеуінен өткен дарынды балалар тегін оқытылады.

Соңғы жаңалықтар