Білім беру саласының шетелдік мамандары Алматыда бас қосып, Орталық Азиядағы жоғары білімді дамыту мәселелерін талқылайды

АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - 25 қазан күні Алматыда «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» атты тақырыппен аймақтық форум өтеді.
None
None

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен IREG Халықаралық академиялық саралау мен үстемділік жөніндегі обсерваториясы бірлесіп ұйымдастыруда. Бұл шара  ТМД елдері жоғары оқу орындарының жетекшілеріне әлемдік рейтинг үдерісіне қосылудың мәселелері жөнінде ақпарат алмасып, рейтингілік агенттіктермен серіктестік қарым-қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.

Форумның қонақтары арасында  IREG Халықаралық академиялық саралау мен үстемділік жөніндегі обсерваториясы президенті Ян Садлак (Франция), IREG обсерваториясының вице-президенті, жоғары білім беру орталығының директоры Джеро Федеркейл (Германия), QS (Quacquarelly Symond)  халықаралық рейтинг агенттігінің Орталық Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық директоры Зоя Зайцева (Ұлыбритания), IREG обсерваториясының вице-президенті, «Perspectywy» білім беру қорының президенті Вальдемар Сивиньски (Польша), Бағалау және жоғары білімді аккредиттеу кеңесінің директоры Ангела Юнг-Чи Хоу (Тайвань), Қазақстандағы Араб Республикасы Елшілігінің білім беру және мәдени жұмыстары бойынша атташесі, Хелван университетінің профессоры Ашраф Дарвиш (Египет) және тағы басқалар  бар.

Халықаралық форумның бағдарламасы жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың басшыларына, сонымен қатар рейтинг, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне арналған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум