Білім берудегі инновациялар - Павлодар педагогикалық институты мен Талдықорған университеті онлайн-семинарының тақырыбы

ПАВЛОДАР. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті өткізген ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарында білім беруге инновацияларды енгізу талқыланды, деп хабарлады ПМПИ-дың баспасөз қызметінен.
None
None

ЖОО-ның оқытушылары мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы білім берудің білікті әдіс-тәсілдері, психологиялық пәндерді оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар мәселелерін қарастырды.

Ғалымдар мектеп оқушыларының сауаттылығын арттыра алатын болашақ мұғалімдерді даярлауды, сондай-ақ студенттерді кредиттік оқыту бағдарламасында өзіндік жұмысқа дағдылауды көкейкесті проблема деп есептейді.

Семинар қатысушылары биылғы жылы студенттердің қатысуымен білім берудің өзекті мәселелері бойынша бірлескен on-line-конференцияларын өткізуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар