Білім министрлігі 2020 жылға дейін мектептерде электрондық оқыту жүйесін енгізуді жоспарлауда

СТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Білім және ғылым министрлігі 2020 жылға дейін мектептерде электрондық оқыту жүйесін енгізуді жоспарлауда.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Білім берудегі инновациялар» атты халықаралық форумда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда электрондық білім берудің алғашқы жобасы республиканың үш мектебінде енгізілуде. Білім және ғылым министрлігі 2020 жылға арналған стратегиялық бағдарламасы аясында электрондық оқыту жүйесін кезең-кезеңмен орнатуды көздейді. Бұл отандық білім жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыруға жол ашып, бәсекелестігін арттырады.

«2013 жылға дейін орта білім беру ұйымдарының 40 пайызы электрондық оқыту жүйесімен қамтылады. 2016 жылда 90 пайыз, ал 2020 жылға бүкіл мектептер электрондық жұмыс қызметіне көшеді. Ол үшін республикада информациялық технологияларды мектептерде қолданудың заңдық нормалары өзгертіліп, білім беру ошақтарындағы кеңжолақты интернет жылдамдығы секундына 10 мб деңгейіне жеткізілетін болады», дейді Ж. Түймебаев.

Ж. Түймебаевтің атап көрсеткеніндей, халықаралық ықпалдастықты күшейту бағытында ғылыми-ағартушы интернет жүйесі құрылуда. Оған еліміздің 70-ке тарта ЖОО мен ғылыми орталықтары енген. Сонымен қатар Қазақстанда Информациялық технологиялар халықаралық университеті құрылды. Ол әлемдік нарықтағы көшбасшылармен әріптестік қарым-қатынас орната отырып, 21 ғасырға сай білім берудің жаңа әдістерін дамытуға атсалысады. Министрлік білім беру саласының инновациялық дамуына қол жеткізу үшін, нарықтағы жетекші компаниялардың бірі Microsoft-тың және отандық компаниялардың көмегіне жүгінуде.

Бүгінгі форум барысында Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев пен Қазақстан Microsoft компаниясының бас директоры Гюнтер Дам Білім альянсы туралы меморандумға қол қойды.

Жиынға ҚР Парламенті палаталарының депутаттары, мұғалімдер, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты, Microsoft, Intel, «Қазақтелеком» компаниясы, HP, Promehean, ЮНЕСКО өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар