Білім және ғылым министрлігі елімізде дайындалатын кадрлардың біліктілік сапасын басқару жүйесін құруды көздеп отыр - Ж.Түймебаев

қпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Білім және ғылым министрлігі дамыған мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып, аймақтық, салалық және ұлттық кеңестермен тұрақты және тығыз байланыс орнатпақ.
None
None

Осы әдіс арқылы министрлік өкілдері елімізде дайындалатын кадрлардың біліктілік сапасын басқару жүйесін құруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін елдегі кәсіптік техникалық білім беруге байланысты Астанадағы Политехникалық колледжде өткен көшпелі жиында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, министрлік өкілдері кадр дайындаудағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған 47 келісімге қол қойып, олар осы уақытта жүзеге асырылуда. Министрлік келіскен компаниялардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Қазинжиниринг», «Қазпошта» сияқты акционерлік қоғамдар бар. «Тек бір жылдың ішінде ғана елдегі оқу орындары мен кәсіпорындар арасында жасалған келісімдер 8 мыңнан 16 мың 149-ға дейін артты. Жұмыс берушілер жаңадан жұмысқа орналасқалы жүрген мамандардың біліктіліктерін арттыру үшін 6 мың жұмыс орнын бөлді. Сондай-ақ кәсіпорындардан жылына 2 мың 400 адамды қамтитын 12 оқу орталығы құрылды. 469 интерактивті оқыту құралдары орналастырылды», деді министр.

Соңғы жаңалықтар