20:00, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Білім және ғылым вице-министрі Маңғыстау түлектерін мектепті аяқтауымен құттықтады (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Маңғыстау облысына барған сапары кезінде түлектерді мектепті аяқтауымен құттықтады.

«Барлық түлектерді құттықтаймын. Қазақстан бойынша бүгін 127 мың түлекке соңғы қоңырау соғылды. Маңғыстаулық түлектер мен менің мектебімнің оқушыларын бүгінгі күнмен құттықтаймын. Негізгі білімді осы жерден алдым. Отансүйгіш, жақсы адам болуларыңа тілектеспін», - деді вице-министр.