Биоотын өндірісіне қатысты заң жобасы үшінші оқылымда талқыға түседі

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 31-і күні өтетін Мәжілістің жалпы отырысында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы үшінші оқылымда талқыға түседі.
None
None

Бұл жөнінде Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті өз қорытындысын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, биоотын өндірісін реттеуге бағытталған осы заң жобасы Палатаның ұзақ сараптауынан өтті. 2009 жылғы мамырдың 27-сінде бірінші оқылымда қаралса, үстіміздегі жылғы ақпанның 3-інде екінші оқылымда талқыланып, мақұлданған болатын. Осы жолы депутаттардың жаңа ұсыныстары бойынша үшінші оқылымға әзірленіп отыр.

Заң жобасының мақсаты - биоотын өндірісін және айналымын дамыту, биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

Заң жобасы бойынша қорытынды салыстырма кестеге 87 түзету енгізілген. Аграрлық мәселелер комитеті соның ішінде 14 түзету қабылданбағанын мәлімдеп отыр.

Заң жобасы ертең, наурыздың 31-і күні болатын Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар