Бір ауыз сөзге бола адам өлтірген әйел 6 жылға сотталды - БҚО

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Зеленов ауданы Факел ауылынан екі шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында Щ., Қ., Г. және Д. соңғысының аядай бір бөлмесінде арақты сілтеп отырған. Араққа әжептәуір масайған Щ. мен Ф. арасында сөз барысында кикілжің туындаған. Ф-ның өзіне айтылған «жеңіл жүрісті» деген сөзі намысына тиген Щ. оны үстел үстінде жатқан асүй пышағымен мойнының сол жақ тұсынан ұрған. Күре тамырына дәл тиген соққыдан Д. сол жерде көз жұмған.
Басты сот талқылауында Щ. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, өзінің көңілдесі К. қожалық басшысының туысы Д. және Г. сағат алтылар шамасында көңілдесінің туған күнін атап өтуде ащы суды біраз ішкеннен кейін, ұйықтап қалып, түн ортасында оянып, қайтып келіп үстел басына отырғанда, өзіне тиісе бастаған Д-ны итеріп жібергенін, бұған ашуланған оның балағаттап, «жеңіл жүрісті» деген сөзі намысына тиіп, үстел үстінен пышақты алып, оның мойын тұсына сілтеп жібергенін айтты. Ашудан көзі көрмей жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
Сонымен қатар сарапшы-наркологтың қорытындысына сәйкес, Щ. 2 дәрежелі созылмалы маскүнемдікке шалдыққан және маскүнемдіктен емделуді қажет етеді.
Сот ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлімі бойынша Щ-ны кінәлі деп танып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге үкім етіп, ҚР ҚК-нің 95-бабының 1-1-бөлігіне, 88-бабы 1-бөлігінің «г» тармағына сәйкес жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен емделуді тағайындады.