Бір айдан кейін Таразда «Әулие Ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылады (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы жаңа аэровокзалды кешенінің құрылысшылары демалыссыз жұмыс істеуде. Олар ағымдағы жылы желтоқсанның басында нысанды тапсыруды көздеп отыр.
None
None

Еске сала кетейік, 2013 жылы акционерлер «Әулие Ата» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын мемлекеттік меншікке ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бақылауына тапсыру шешімін қабылдады. Кейін ол мемлекет қаражатына қалпына келтіріліп, кеңейтілді. Енді ұзындығы 3,5 мың м, ені 60 м құрайтын ұшу-қону жолағы заманауи ұшақтардың барлығын қабылдауға мүмкіндік береді.

Ғимарат пен авиаперрон құрылысының төртінші кезеңі аяқталған соң ол тиісті талаптарға сай болады. Көлемі 5,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалы сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы жаңа аэровокзалды кешені арқылы келген болатын.

«Әулие Ата» халықаралық әуежайы « АҚ басқарма төрағасы Анатолий Нестеренконың сөзіне қарағанда, «SKAT» әуе компаниясы әуежайды қалыпқа келтірудің шамамен 650 млн. теңгесін қаржыландырды.

Қазір «Әулие Ата» халықаралық әуежайы Астана мен Алматы бағытында жүретін жылына 40 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Тараздан Қазақстан қалаларына, Мәскеу, Анталия, Үрімжіге, сонымен қатар чартерлік рейстер ашу күтілуде.

Соңғы жаңалықтар