Бір тәуліктің ішінде 3 адам суға кетті, ішінде 18 жасар бозбала бар

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Бір тәуліктің ішінде 3 адам суға кетті, ішінде 18 жасар бозбала бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Кеше, 28 шілдеде Маңғыстау облысындағы Баутино кенті  маңында суға шомылып жүрген 31 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін сол жерде демалып жүргендер жағаға шығарды.

Осы күні Астанада Қарасу өзенінде 18 жасар бозбала суға кетті. Оның мүрдесі ТЖД суда-құтқару қызметінің күшімен жағаға шығарылды.

Сондай-ақ Семей қаласында, Бобров саяжайы аумағында  Ертістің саласында 30 жасар ер адам суға кетті. Оның мүрдесі Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД суда-құтқару қызметінің күшімен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар