11:24, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Бір топ әскери байқаушылар Алматы облысында болды
ong>ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Вена құжатына және үш халықаралық ұйымға қатысушы 24 мемлекеттің әскери байқаушыларының тобы Алматы облысында болды.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әскери-саяси өлшемі саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауымен танысу мақсатында келген әскери байқаушылар үш күн бойы ҚР Қарулы күштерінің әуе базасын және десанттық-шабуылдаушы бригадасымен танысты.
Десанттық-шабуылдаушы бригадалар мен авиабаза командирлері қонақтарға өздеріндегі қолданыстағы барлық қару-жарақтарды таныстырды және бөлімдердің құрылу тарихы мен құрылымы, қызметтері мен мақсаттары туралы әңгімелеп берді. Екінші күні байқаушылар ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің 604-ші авиациялық базасындағы қару-жарақтардың негізгі жүйелерімен, техникаларымен және ұшақтармен танысты.