Бір топ баланы қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 3-інде шамамен сағат 17.00 кезінде әлі белгісіз түсі қызыл шетел көлігімен келе жатқан жүргізуші «Южный» дүкеніне қарама-қарсы көшеде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтіп келе жатқан бір топ баланы қағып кетіп, ізін суытты, деп хабарлайды ЖПБ баспасөз қызметі.
None
None

«Осы жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтау үшін оқиғаға куә болғандар мен қандай да бір ақпаратты білетін ие азаматтарды Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасының 53-22-53, 53-27-76, 53-22-63 телефондарына хабарласуын өтініп сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар