Бір топ қоғам, мемлекет қайраткерлері «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында бір топ қоғам, мемлекет қайраткерлерін партия қатарына қабылдау рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Партия билеттеріне ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі корпоративтік басқару департаментінің директоры Тимур Байыров, Қазақстанның мүгедектер конфедерациясының президенті Иран Омарбеков сынды азаматтар ие болды. Партия билеттерін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев табыс етті.«Нұр Отан» бұл тек 700 мыңнан аса мүшелік ететіндердің партиясы ғана емес, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің, біздің көшбасшымыздың бағытын жақтайтындардың партиясы. Бұл еліміздің өркендеуіне, болашағына алаңдайтын миллиондаған азаматтардың партиясы. Сол азаматтардың бізді сайлап, ел болашағын бізге артқан сенімін ақтаймыз деп санаймын», - деді Д.Кәлетаев. «Партияға деген қызығушылық күшейіп келеді. «Нұр Отан» - басты саяси күш ретінде ғана емес, зияткер партия ретінде қалыптасып үлгерді», - дейді саяси ұйымға мүшелікке өткен «Хабар» агенттігінің тележүргізушісі Динара Сәтжанова.
Соңғы жаңалықтар