Бір үйір жылқыны қолды қылған барымташылар ұсталды

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бір үйір жылқыны қолды қылған барымташылар ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, Екібастұз қаласының полициясына 42 жастағы жеке кәсіпкер Төрткұдық ауылы шетіндегі жайылымнан түнгі уақытта белгісіз адамдар 35 жылқысын ұрлап, 6 миллионнан аса теңгеге материалдық залал келтіргендігі туралы арызданған. Құқық қорғаушылардың жедел іздестіру іс-шаралары кезінде мал ұрлығына күдікті ретінде 24 және 40 жастағы Қарағанды қаласының екі тұрғыны қолға түсті.

«Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Құрықталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды және олардың басқа да осыған ұқсас, ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Нұрділдә Ораз.

Соңғы жаңалықтар