Бірде-бір іс апелляциялық сатыдан бірінші сатыға жаңадан қарауға жолданған жоқ - БҚО соты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші жартыжылдықта бірде-бір іс апелляциялық сатыдан бірінші сатыға жаңадан қарауға жолданған жоқ. Бұл туралы БҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, биылғы алты айда жалпы республика бойынша соттарға түскен талап арыздар санының көбейгендігіне қарамастан, облыс соттарына түскен азаматтық істер саны азайып, қараумен аяқталған істер саны артқан.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2015 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттарына 14296 арыз және 143 іс түссе, 2014 жылы осы мерзімде 14726 арыз және 205 іс түскен болатын, яғни өткен жылғыдан 430 арызға және 62 іске кеміген.

Апелляциялық тәртіпте 798 азаматтық іс түсіп, соның 572-сі бойынша заңды және негізді шешім шығарылған деп танылып, 27 шешім күшін жойған.

Сонымен бірге 2015 жылдың 6 айында облыс соттарына 8173 әкімшілік іс түсіп, соның 8032-сі қараумен аяқталған. Әкімшілік істердің басым бөлігі Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының үлесіне тиеді (43756 іс). Сондай-ақ Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында - 622, Зеленов ауданының №2 сотында - 378, Ақжайық аудандық сотында - 254, Теректі аудандық сотында 181 іс қаралған.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаевтың хабарлағанындай, биылғы жылдың 6 айында облыс соттарында 1 167 тұлғаға қатысты 1 017 қылмыстық іс қаралып, 704 тұлғаға қатысты 588 үкім шығарылған. Түрлі сипатта қылмыс жасаған 687 тұлғаға қатысты айыптау үкімі, 17 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған. 402 тұлғаға қатысты 374 іс қысқартылып, кәмелетке толмаған 9 тұлға сотталған. Оған қоса есепті мерзімде 244 қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралған.

2015 жылдың 6 айында апелляциялық сатыға 161 тұлғаға қатысты 131 қылмыстық іс түскен. Апелляциялық сатыда қаралған істердің бірде-бірі бұзылмаған, 21 тұлғаға қатысты үкім өзгертілген.

Соңғы жаңалықтар