Бірде-бір кәсіпкер өз айналымының 30 пайыздан астамын көрсетпейді - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті

Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының президенті Талғат Акуов бүгін Алматыда өтіп жатқан «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» деп аталатын конференцияда осылай айтты.
«Бірде-бір кәсіпкер өз айналымының 30 пайыздан астамын көрсетпейді. Оны барлық салықшылар жақсы біледі. Қосымша құн салығынан шағын бизнес 5 жылға босатылған. Өндіріс пе, сауда ма бәрібір. Егер айналымы 30 мың есептік айлық көрсеткіштен аспаса немесе жылына 49 миллион теңгеден аспаса. Мәселен Алматыда шағын бизнестің 70 пайызы - шағын дүкендер. Олар қосымша құн салығын төлемейді», - дейді Талғат Акуов. Оның айтуынша, қосымша құн салығы жалпы ішкі өнімнің 0,6 пайызын құрайды. Қазақстанның сауда серіктестері саналатын Қытай, БАӘ сияқты елдерде қосымша құн салығы жоқ. Сондықтан Қазақстан осы елдердің жолын ұстанса, одан ұтпаса ұтылмайды. Егер оған қол жеткізсек, елімізде не өндіріліп жатқанын және тауар айналымының көлемі қанша екенін білуге мүмкіндік алар едік. Сонда сырттан қанша тауар әкелетініміз, өзіміз қанша және қандай тауар өндіретініміз толық анықталады. Қазір ол белгісіз.