Біреуге малай болып, еңбек іздеп жүрген дүниеде ешбір қазақ жоқ - Елбасы

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетке айналды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз, Қазақстан халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналдық. Бір буын ауыспай-ақ мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық. Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз», - деді Мемлекет басшысы.

Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола қоймағандығын баса айтқан Елбасының пайымынша, 20 жылда 2 ғасырға татитын еңбек сіңіргеннен кейін ғана Қазақстан қос ғасырға бергісіз табысқа жетіп отыр.

«Шет елдерде кімнің жастары оқиды? Қазақтың жастары оқиды. Шет елдердің курорттарында кімдер демалады? Қазақтар демалады. Ешкімге малай болып, еңбек іздеп жүрген дүниеде ешбір қазақ жоқ, бәрі өзімізде. Соның өзі неге тұрады. Бұл табысқа күллі қазақстандықтардың, оның ішінде біздің жастарымыздың қосқан үлесі орасан зор», - деп баса айтты Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар