Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның ауыл шаруашылығына ерекше назар аударып отыр - Елші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде журналистерге брифинг өткізген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама-Шариф мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары мен осы саладағы әріптестер Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне ерекше назар аударуда. Олардың пікірінше, аталған сала өзара тиімді, екі жақты ынтымақтастықтың басқа бағыттарын алға жылжытатын жетекші күш болуы керек», - деген Қ.Лама-Шариф осы саладағы Елшілік жеті бизнес-форум өткізгенін жеткізді.

«Осы бағытты ілгерілету үшін Елшілік соңғы екі жылда Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірушілерінің қатысуымен жеті бизнес форум және Дубайда бір роулт-шоу ұйымдастырды»,-деді Қ.Лама-Шариф.

Соңғы жаңалықтар