Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның энергетика саласына инвестиция салуға ниетті

СТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Зарина Рысбаева/ - Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның энергетика саласына инвестиция салуға ниетті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан - Әмірліктер Үкіметаралық экономикалық комиссиясының 4-ші отырысында Біріккен Араб Әмірліктерінің шетелдік істер жөніндегі мемлекеттік министрі Әнуар Гаргаш мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ә. Гаргаш Қазақстан тарапынан көрсетілген ықыласқа алғысын айта келе, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеті атынан Қазақстанның халқына Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жолдаған құттықтауларын жеткізді.

«Осы үкіметаралық төртінші отырыстың нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың нақты нәтижелеріне қол жеткіземіз деп ойлаймыз және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік одан әрі дамиды деп кәміл сенеміз. Осы үкіметаралық комиссия арқылы жаңа ортақ инвестициялық мүмкіндіктер ашылады, сонымен бірге өзара ынтымақтастықты дамытуға, тауар алмасудың деңгейін одан әрі көтеруге мүмкіндік туады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Үкіметаралық комиссияның бүгінгі отырысының күн тәртібінде көптеген салалар бойынша ынтымақтастықты дамыту қарастырылған. Ә. Гаргаштың пайымдауынша, инвестициялық, консулдық және қауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерінің әлеуеті зор. «Сол сияқты қайырымдылық және гуманитарлық істер саласы бойынша үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз. Атап айтқанда, Әмірліктер тарапының Қазақстанның энергетика саласына инвестиция салуға үлкен қызығушылығы бар», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар