Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы мәдениет күндері ашылды

СТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

БАӘ-нің мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге былтыр Елбасы Н.Назарбаевтің Әмірлікке жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген болатын. Екі ел басшыларының шешімі бойынша, өткен жылы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері Әбу Даби және Дубай қалаларында үлкен, зор құрметпен өткізілген еді. Енді міне, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бауырларымыз Астанаға келіп, елорда төрінде өздерінің мәдениет күндерін ашып отыр», деді салтанатты рәсімінде сөз алған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның арқасында екі ел арасындағы әріптестік қарқынды дамуда. Бұл ықпалдастық мәдениет саласында да орын табуда. Енді біздің алдымызда осы жеткен биіктерді одан әрі дамыту мақсаты тұр», деді БАӘ Сыртқы істер мемлекеттік министрі Әнуар Гаргаш.

БАӘ-нің мәдениет саласындағы ықпалдастықтың осынау деңгейде өтуі тарихта алғаш рет орын алып отыр. Араб халқының бай мәдени мұрасының бір пұшпағын ала келген өнер ұжымы елордада төрт күн бойы, 10-ға тарта мәдени шараларды ұйымдастырмақ ниетте. Мәдениет күндерінің жоспарына сәйкес, «Керуен» сауда ойын-сауық кешенінде арабтардың көне архитектурасының кішірейтілген үлгілері қойылған «Әмірлік ауылы» атты этноқалашық және Бейбітшілік және келісім сарайында көркемсурет өнерінің туындылары қойылған көрме ашылады. Сонымен қатар араб әртістерінің қарттар үйіне және қала мектептеріне концерттік бағдарламалармен баруы жоспарланған.

БАӘ-нің Мәдениет министрлігінің өкілі, делегация жетекшісі Уәлид Рашид Әз-Заадидің айтуынша, халықтардың түсінісуіне мүмкіндік беретін бірден-бір жол - өнер. Сондықтан мәдениет күндерінің жүгі мен маңызы өте зор. «Былтыр БАӘ-де Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті. Оған біздің халқымыздың мол қызығушылығы ауған еді. Мәдениет рухани тұрғыда жақындастырады. Екі елдің достығын жарасымды етеді», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар