Біріккен зейнетақы қорлары алғашқы айда-ақ жоғары табыс көрсетті

Еске сала кетейік, аталған қор тамыз айында «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы Қоры» АҚ мен «Аманат-Қазақстан ЖЗҚ» АҚ қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. Баспасөз мәслихатында мәлім болғаны бір-ақ айдың нәтижелері бойынша оның табыстылығы елдің зейнетақы қорлары ішінде бірінші орынға шыққан. Тамыздағы салымшылардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстылығы көрсеткіші (К2-12) 7,52%-ды құраған, бұл нарықтағы орташа көрсеткіш 5,05%. Алғашқы айдың табысы нәтижесінде қор салымшылардың саны бойынша Қазақстанның зейнетақы жүйесінде төртінші орынды иеленіп отырып, нарықтағы ірі қатысушы деңгейіне жеткен. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қордың активтері 128 млрд. астам теңгені, ал салымшылар саны 547 мың адамды құрайды.
«Тамыз айында инвестициялық табыстылық жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіш - 7,52 % деңгейіне қол жеткізуіміз қор өз жұмысының ең басында таңдап алған жан-жақты ойластырылған әрі сапалы инвестициялық стратегияның логикалық нәтижесі болып табылады, - деді «Астана» ЖЗҚ Басқармасының Төрағасы Андрей Карягин. - Екі қорды біріктіру нәтижесінде Қор өзінің жоғары инвестициялық табыстылығын сақтап қалып, зейнетақы активтерін жоғалтуды барынша кеміте алды. Бүгінде Салымшыларғы қызмет көрсету сапасының жаңа деңгейіне шығып отырған «Астана» ЖЗҚ аса маңызды мәселені шешуде. Біз инвестициялық портфельдің мөлдірлігі мен оны басқару нәтижелерінің барынша тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі тәсілдерді қолданамыз», - деп атап өтті ол. Қор басшылығы бұл деңгейден түспеуді айтады. Бұл ретте «Астана» ЖЗҚ» АҚ «Сбербанк» ЕБ» АҚ-мен бірегей стратегиялық серіктестік туралы келісім жасасқан.