Бірінші басшыларды тағайындау кезінде гендерлік теңгерімді сақтаған орынды - Жамбыл облысындағы үкіметтік емес ұйымдар жобасының қорытындылары

«Әлеуметтік-экономикалық және саясат салаларындағы ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі теңдігіне қол жеткізу мәселелері «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясында» айтарлықтай жетілдірілген», - деді «FORPOST» қоғамдық қор жобасының үйлестірушісі Эдуард Пак. - Әйелдердің қоғамдағы және саяси өмірдегі өкілдігін ұлғайтуға арналған тетіктердің бірі ретінде әйел-көшбасшылардың тізімін облыстарда құру және бекіту шешімі сол кезде-ақ қабылданған болатын».
Оның айтуынша, оңтүстіктегі үш - Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында осы проблеманың мониторингі жүргізілген. «Біздер қойған партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың 40-тан астам көшбасшылары, мемлекеттік қызметшілер: «Сіз «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы» құжатымен таныстыңыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысынан сәл ғана астамы оң жауап берді. «Бірінші басшыларды тағайындау кезінде гендерлік теңгерімді сақтаған жөн деп санайсыз ба?» деген сұраққа көбісі «иә» деп жауап қайтарды», - деді Э.Пак.
Респонденттердің басым бөлігі (үштен екісі) әйелдердің саясатқа қатысқанын қалайды.