08:48, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Бірінші сәуірден бастап Павлодарда жылу мен су қымбаттайды
ПАВЛОДАР. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Сәуір айының бірінен бастап Павлодардағы жылу тарифі сегіз пайызға өседі, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттен.

Осы айдан бастап облыста суық су тарифтерінің дифференциациялануы енгізілетін болады. Айына суды үш текше метрден асырмай пайдаланатындар бір текше метр үшін 19,29 теңге төлейді, одан көп болса бағасы 21,28 теңгеге дейін өседі. Есептегіштер орнатылмаған пәтерлердің тұрғындары бір текше метр су үшін 22 теңгеге жуық ақша төлейді.
Сәуір айынан бастап сондай-ақ кәріздік жүйе қызметінің бағасы жеті пайызға өседі.