Бірінші тоқсанда республикалық бюджеттен өңірлерге 116,8 млрд. теңге мақсатты трансферттер аударылды - Б.Жәмішев

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылдың 1 тоқсанында республикалық бюджеттен өңірлерге 116,8 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер аударылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Министрдің атап өтуінше, 2011 жылға арналған республикалық бюджетте өңірлерге қарастырылған мақсатты трансферттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 126,3 млрд. теңгеге азайған. «Бұл 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін есептеу барысында республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалар санының оңтайландырылуымен түсіндіріледі», - деді ол.

Оның айтуынша, 1 тоқсанда республикалық бюджеттен өңірлерге 116,8 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер аударылған. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, аталған қаржының 101,8 млрд. теңгесі немесе 87,1 пайызы игерілген.

«Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 1 015,2 млрд. теңге қарастырылған. 1 тоқсанда оның 266,4 млрд. теңгесі игерілді»,- деді Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар