Бірінші тоқсанда салық түсімдері 59,1 млрд. теңгеге ұлғайды - қаржы министрі
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы салық түсімдері мұнайға экспорттық кеден салығын, тасымалдаудың кедендік салығын бөлу тетіктерін Ресей Федерациясынан импортталатын тауарларға қосылған салықты есепке алмағанда 59,1 млрд. теңгеге ұлғайды»,-деді ол.
Б. Жәмішевтің айтуына қарағанда, жылдық бюджетке қатысы бойынша салық түсімдерінің орындалуы 24 пайызды құраған. Ал бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 19 пайызға тең болады. «Кеден одағы елдерінің кедендік салықты бөлу тетігінің іске қосылуы 2010 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда қосымша 33,7 млрд. теңгені және мұнайға экспорттық кеден салығын енгізу 122,6 млрд. теңгені қамтамасыз етті»,-деді қаржы министрі.