Бірқатар министрліктер отандық мамандарды даярлау ісінде әріптестікті күшейту туралы ведомствоаралық келісімге қол қойды

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада бірқатар министрліктер отандық мамандарды даярлау саласында әріптестікті күшейту жөнінде ведомствоаралық келісімге қол қойды.
None
None

Келісім елордада «Еңбек нарығы және кәсіби және техникалық білім беруді дамытудың болашағы» тақырыбында өткен республикалық конференция барысында жасалды. Аталған келісімге Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация, Байланыс және ақпарат, Мұнай және газ, сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қол қойды. Бизнес-қауымдастық атынан келісімге «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы қол қойды.

Сонымен қатар бүгінгі конференция кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «КаzEnergy» қауымдастығымен, «SPIЕ/Cаrееr-Holdings» косорциумымен және «PricеwаtеrhousеCoopеrsTаx&Аdvisory» ЖШС-мен арадағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, «аталған келісімдер техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің жаңа моделін құруда үлкен серпін беретін теңдессіз оқиға. Сол келісімдерге сәйкес, кәсіпорындар мұқтаж мамандарға сұраныс жасай алады, материалдық-техникалық базаны күшейтуге атсалысады, түлектерді тәжірибелік практикаға және жұмысқа орналастыруға қатысады».

Меморандумда экономика салаларына қажетті кадрларды даярлауға қатысатын барлық тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен кәсіби қауымдастықтардың міндеттері нақты белгіленген, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Соңғы жаңалықтар