Бірқатар ұрлық және қарақшылық жасаған бес ақтөбелік азамат қолға түсті

АҚТӨБЕ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД қылмыстық полициясының қызметкерлері бірқатар ұрлық және қарақшылық жасауда күдікті деп танылған 17-27 жас аралығындағы бес ақтөбелік азаматты қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД-нен.
None
None

Осылайша, 7 қаңтар түнінде жасалған қарақшылық шабуыл ашылды. Белгісіз адамдар Қазанғап көшесінде орналасқан ЖШС-нің бірінің аумағына кіріп, күзетшісін пышақпен қорқытып, ашық түрде оның ұялы телефонын, құрылыс саймандары мен мыс кабелін ұрлап әкетті.

27 ақпан күні арнайы жедел шаралар өткізу барысында күдіктілер ұсталып, олардан айғақ заттар алынды.

Ұсталған азаматтар тағы бір қарақшылықты және өнеркәсіп аумағында орналасқан нысандарда өзгенің мүлкін ұрлаудың үш фактісін мойындарына алды. Сол жерден олар мыс кабельдері мен металдарды ұрлап, металл сынықтарын қабылдау орындарына тапсырған.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің үш бабы: «Қарақшылық», «Тонау», «Ұрлық» бойынша қылмыстық істер қозғалып, олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олар қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар