«Бірлігіміз - жарасқан!» акциялар топтамасы әлеуметтік әріптестік қағидаларын жылжытуға бағытталған - ресейлік БАҚ

СТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Бірлігіміз - жарасқан!» ұранымен әлеуметтік акциялар топтамасын кең ауқымда өткізіп отырған Қазақстан Азаматтық альянсының үндеуінде нақтыланғандай, әлеуметтік науқанның мақсаты, әлеуметтік әріптестік қағидаларын жылжыту, қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін белсендірек ету. Бұл туралы ресейлік «Аргументы недели» газетіндегі «Халық бірлігі акциясы» мақаласында айтылған.
None
None

«Науқанды ұйымдастыруға өз қол астында 500-дей үкіметтік емес ұйымды топтастырып отырған Қазақстанның Азаматтық альянсы мұрындық болып отыр», - делінген мақалада.

Мақалада сонымен қатар Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьеваның: «азаматтық қоғамды құру үшін әлеуметтік іскерлік байланыстар, кәсіби біліктілікті арттыру және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ мемлекетпен байланыста жұмыс атқару негізгі бұлжымас қағидалары болуы керек» деген сөзі де келтіріліпті.

Соңғы жаңалықтар